Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарына қандай ЖОО-лар қатысады

0 319

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғарғы оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан халқына» қорының ресми сайты: qazaqstanhalqyna.kz

Аталған қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады.

Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай:
ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден:

  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден:

  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек тұлғалар;
  • жетімдерге жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;
  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек тұлғалар.

2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» ҚҚ білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 ЖОО мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.