Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарағанды аулаларының бірінен екі жігіттің денесі табылды

0 190

Қарағандыда сейсенбіге қараған түні көппәтерлі үй ауласында 18 және 20 жастағы екі жігіттің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыс орнына барған жедел-тергеу тобы осы үйге іргелес барлық тұрғын үй орамын тексеруді бастады. Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні ұстады.

«Ол жанжал кезінде үйдің ауласында жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қылмыс құралы тәркіленді», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.