Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскерде қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу аяқталды

0 259

Әскерде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайға қатысты тергеу аяқталды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы әскери прокуратураның ресми өкілі мәлімдеген. Онымен әскерде борышын бірге өтеген сарбаз күдікті ретінде қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материал толығымен жиналды дейді.

«Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша қылмыстық істің аяқталғанын, яғни мұнда қазіргі жағдайда тараптар істің құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде оның әскерде бірге жүрген Аманжолов өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр. Және де істің материалдарымен танысып отыр», – дейді бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахмет.

Бұған дейін, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың туыстары «қылмыс толық ашылмады» деп наразылық білдірген болатын. Дегенмен, әскери прокуратура Әлібек Қалбайдың өлімінен соң әскердегі жағдайды жіті назарға алғанын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.