Республикалық маңызы бар Атырау – Орал жолында болған жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kzАқ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 24 шілдеде сағат 23:00 шамасында республикалық маңызы бар тас жолдың 19 шақырымында болған. Toyota Prada мен Ваз автокөліктерінің соқтығысып қалуы жол апатына себеп болды.

– Ваз автокөлігінің жүргізушісі және 2 жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.