Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда балабақшаларды лицензиялау жұмыстары басталды

0 254

    Балабақшаларды ашу кезінде қиындық туғызбас үшін, 2011 жылдан бастап лицензиялау
тоқтатылған болатын. «Балапан» бағдарламасы қабылданғанға дейін, 2009 жылы Жамбыл
облысында 191 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істеп, оған қамтылу үлесі 32,8%-ды
ғана құраса, оның ішінде 2 жекеменшік балабақша болды. Бүгінгі күні облыста 569 мектепке
дейінгі ұйым бар, онда 57888 бала тәрбиеленуде.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында өңірдегі білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын
Досыбаева айтты. Оның мәліметінше, аймақта мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-
6 жас аралығында – 91,5%, 2-6 жас аралығында – 94%, 3-6 жас аралығында – 100%.
«Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны – 217, онда 22211 бала тәрбиеленеді. Мектеп жасына
дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту үлесін арттыру мақсатында облыста 2022-
2025 жылдарға арналған Қадамдық жоспар әзірленген. Құжатқа сәйкес биыл 2197 орындық 24
жекеменшік ұйымдар ашу жоспарланған», – деп атап өтті ол.

Айдын Орынбекқызының айтуынша, егер біз әділ қарым-қатынасты, балалардың
құқықтарын қорғауды, олардың балабақшаларда қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді қаласақ, ата-
аналар балаларын балабақшаға жіберуден қорықпаса, онда балабақшаларға қойылатын талаптарды
кіру кезінде лицензиялау және жұмыс істеуі кезеңінде аттестаттау жүйесі арқылы тексерілуі керек.
Сонымен қатар, осы функцияларды іске асыру кезінде мемлекет екі тараптың тікелей байланысы
тәуекелін барынша азайтты, өйткені рәсімдер объектілерге бармай-ақ жүргізіледі.
«Бүгінгі күні балабақшалардағы лицензиялау тәртібін қайтару бойынша жұмыстар
басталып кетті. Шын мәнінде, мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайды, лицензиялау
мұндай салдарға әкелмейді – оның мемлекеттік мекемелерге де, жекеменшік мекемелерге де
қатысы бар, керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына барлық жағдай жасап
отыр және жасайды да. 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша 480 білім беру ұйымдарында
244299 оқушы білім алды», – деді спикер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.