Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ажырасуға барып қалып жүрміз: Қарақат Әбілдина отбасындағы жағдайды айтты

0 813

Қарақат Әбілдина жазғы демалыстарын үй салумен өткізіп жатқанын айтты.

Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазған.

«Биылғы жаздың қалай өте шыққанын да білмей қалдық. Әне-міне дегенде оқу басталады. Жөндеу жұмыстары, көшу-қону деген оңай емес екен. Салмағын бір адамдай сезініп жатырмыз.

Бұрын біреу әзілдеп айтып еді: Ремонт біткенше жолдасыңмен бірнеше рет ажырасып қосыласың, — деп. Сол демекші отағасымен кейде барып-барып қаламыз да, кері қайта қоямыз. Орекеңедер мұны “Приятные хлопоты” дейді, бала-шағамен алаңсыз өсіп-өнетін үй болсын деген тілек қой біздікі. Арасында баратын жерлеріміз бар, сөйтіп жүргенде жаздың соңғы айына да жетіп қалыппыз. Уақыт қандай жүйрік…

Жылда жазда құлыншақтарымызды жинап апарып теңізге түсіріп, күнге күйдіріп, шынықтырып алушы едік. Өз басым шақырайған күнді ұната қоймаймын бетімнің терісіне де жақпайды. Тек балалардың денсаулығы деп, тұзды суға денелерін пісіріп, солар үшін демесең. Биыл оған уақыттың реті қалай болар екен?», — деп жазба қалдырды әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.