Қалалық қоғамдық-саяси газет

Электр желілері мен ауызсу мәселесі «AMANAT» партиясының назарында

0 314

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жанынан құрылған «Өңірлерді дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері ауданға жұмыс сапарымен келіп, елдімекендердің ауызсумен қамтылу деңгейін, ауызсудың сапасына және электр бағаналарының жай-күйіне зерделеу жүргізді.

Зерделеу жұмыстарын комиссия мүшелері былтырғы жылы құрылысы басталып, биылғы жылы ауылішілік ауызсу құбырын тарту жұмыстары аяқталған Шақпақ ауылдық округінен бастады. Зерделеу барысында
құбыр тарту жұмыстары аяқталғанымен тұрғындарды орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосу жұмыстары баяу жүргізіліп жатқандығы анықталды.

Әрі қарай комиссия мүшелері Қайрат ауылында орналасқан жарық трансформаторларының қуаты төмендігі және қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі және аумағы қоршалмағандығын назарға алды.

Аталған комиссия төрағасы Мұқаш Ескендіров жаз мезгілінің басым бөлігі өтсе де қысқа дайындық жұмыстары аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан тым баяу жүргізіліп жатқандығын, жарық бағаналарының ескіргендігін, талапқа сәйкес келмейтіндігін, қысқы уақытта ауданның климаттық ерекшелігіне байланысты боран салдарынан халық жарықсыз қалмас үшін қазірден бастап қамдану керек екендігін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.