Қалалық қоғамдық-саяси газет

Созақта 59 градус ыстық болды

0 447

Әлеуметтік желіде Созақ ауданында орналасқан өндірістік аймақтағы ауа райын көрсететін құрылғының фотосы тарады. Онда күн райының Цельсий бойынша +59 градусқа жеткенін көруге болады деп жазды turkystan.kz.

Ал синоптиктер аптап ыстық 23 шілдеге дейін сақталатынын айтып отыр.

«Қазір ауа райы Түркістан қаласында +42,3, Шымкентте +41,3 градус болып тұр. Қызылқұмда – 44, Қазығұртта – 40, Арыста –  43, Созақ ауданындағы Тасты ауылында 42 градус ыстық сақталып тұр. Сағат 15:00 мен 18:00 аралығында ыстық көтерілуі мүмін. Ал 23 шілде күні солтүстіктен салқын ауа келіп, күн райы 4 немесе 5 градусқа төмендеуі мүмкін», – деді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының метеорология және болжау бөлімінің басшысы Асия Қыдырбаева.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.