Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдың 2025 жылға дейінгі даму жоспары әзірленді

0 206

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесті.

– Облыс әкімі лауазымына тағайындалған күннен беріТараз қаласы, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының жеке-жеке есебін тыңдап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды сараладық.  Барлық аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Негізгі міндеттер мен мүмкіндіктерді пысықтадық. Басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды. Бізде оған барлық мүмкіндік бар. Ендігі кезекте, сол ресурстарды тиімді пайдалана отырып, жұмысты жүйелеу міндеті тұр.  Осы мақсатта 2025 жылға дейінгі Жамбыл облысының даму жоспарының жаңа сипаттағы  жобасы әзірленді. Мақсатымыз –  ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпті дамыта отырып, ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, тұрмыс жағдайын жақсарту, табысын арттыру. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.