Оқиға 16 шілдеде Түркістан облысында болған деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Суицид жайлы аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметі хабарлаған.
«Аталған жайт сол күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Полицейлер мәйітті қарау барысында ешқандай зорлық белгілерін анықтаған жоқ», – дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.
Аудандық полиция бөлімінің басшылығы қайтыс болған әйелдің жақындарымен кездесті. Қазір заң аясындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал қосымша арыз-шағымдар болса, назарға алынады.