Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бірнеше күйеуге шыққан»: Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуына қарсы шықты

0 466

Екі рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатқаны кей желі қолданушыларына ұнамай қалды. Әнші өзіне тағылған айыпқа жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жорабаева қыз ұзатқан сәтін Instagram парақшасында жариялады. Оған оқырмандардың бірі:

«Бірнеше күйеуге шыққан әйелді араластыру қызға обал болмай ма?» – деп мін тақты. Оған әнші:

«Өзіңіздің ұрпағыңыздың болашағына сенімдісіз бе?» – деп сұрақпен жауап берді.

Өзге желі қолданушылары болса әншіні жақтап шықты.

«Сізді Құдай кешірсін, ұрпағыңыз үшін. Асылық айтуға болмайды. Тағдырды ешкім таңдамайды. Таңдай алсақ тамаша етіп алар едік өмірімізді», «Дұрыс айтады, ешкім алдына болжамайды. Алтынай сіңлім, өте жақсы, барлығына лайықты жан, бақытты болыңыз», «Ертең не болатынын ешкім білмейді. Алтынайдың жетістігіне жетіп алайық алдымен», – деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.