Канаданың қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде маймыл шешегін 477 адам жұқтырды деп хабарлады turkystan.kz.
Маймыл шешегі бойынша төтенше жағдай комитетінің мәліметінше, Канаданың Квебек провинциясында – 284, Онтариода – 156, Британдық Колумбияда – 29 және Альбертте маймыл шешегін жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Жергілікті билік сынақ нәтижелерінің оң қорытындысын әлі де алып жатқанын хабарлады.
Айта кетсек, ұлттық микробиология зертханасы маймыл ауруын тудыратын вирусқа диагностикалық сынақ жүргізіп жатыр.