Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы мөлшері азаяды – Әлихан Смайылов

0 229

Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қоғамда жиі талқыланып жатқаны белгілі. Осыған орай Премьер-министр Әлихан Смайылов пікір білдірді.

«Бұл мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы зерделеп жатыр. Тиісті қоғамдық өкілдерімен бірнеше кездесу өткізілді. Бұл жерде айтатын мәселе, адамдар ерте шығатын болса (зейнеткерлікке), онда зейнетақының да мөлшері де соған сәйкес төмен болады. Сондықтан мұны да ескеру қажет. Дегенмен, қоғамда осындай пікір болғаннан кейін әрине, жан-жақты талдап, зерттеу қажет. Қазір арнаулы жұмыс тобы құрылып, министрлік аясында бұл мәселені зерделеп жатыр. Соның нәтижесінде салалық министрлік тиісті ақпарат береді деп ойлаймын»,  – деді Үкімет басшысы Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.