Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сарапшылар қаңтар оқиғаларының қайталануын болжады

0 233

Қазақстандық сарапшылар елдегі мәселелер ушыға берсе, халық күзде қайта наразылыққа шығып, қаңтар оқиғалары қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Талғат Омаровтың айтуынша, халықтың келесі толқуы қаңтар оқиғаларынан асып түсуі әбден мүмкін.

«Елімізде конституциялық мемлекет құру үшін заң нормаларына сүйену керек деген пікірмен келісемін. Алайда ол заңдарды кім қабылдайды? Парламент пе? Олар жөнді заң қабылдайды дегенге сенбеймін, себебі депутаттардың қолы байлаулы. Жоқ, әлде қазір істі болып отырған шенеуніктердің артынан ерген үкімет пе? Біз «Жаңа Қазақстанды» құра алмаймыз. Елде тағы бір «қаңтар» оқиғалары орын алса, таңғалмаңыздар. Оның арты тіпті қорқынышты болуы мүмкін.

 

Ауылдардың деңгейін көтеру керек дейміз. Қазір қарасаңыздар, бір ауылға триллиондап қаражат бөлу қажет. Біз тіпті есептеп те көрдік, жыл сайын ауылдарды көркейту үшін бес триллион теңге бөлу керек. Біздің үкімет бұған дайын ба? Әрине, жоқ. Ойланатын, байыпты жоспар құруды талап ететін мәселелер көп. Бірақ, түптеп келгенде, барлығын Тоқаевқа арта салғанбыз. Бүкіл жүкті мойнына артып, жалғыз өзі көтеріп келеді. Ал оны тыңдап жатқан үкімет жоқ. Нақты тапсырма берсе, құлақ аспайды. Бұл не бассыздық?» деді Омаров.

Талғат Омаровтың сөзіне саясаттанушы Асхат Асылбеков те қосылды.

«Менің болжамдарым да көңіл қуантарлық емес. Меніңше, қыркүйек-қазан айларында тағы да үлкен наразылықтар болуы мүмкін. Оған үкіметтегі шенеуніктер түрткі болады. Олар өтірік бетке күле қарап, ту сыртынан пышақ сұғады. Қазіргі шенеуніктер Тоқаевқа ертең кететін адам ретінде қарайды. Ал халық олардың қолындағы ойыншық секілді. Тағы мыңдаған адам қаза болуы мүмкін екені оларды алаңдатпайды. Халық ешкімге тиіспейді, тек жақсы өмір сүруді қалайды. Байқап қарасаңыздар, бірде қанттың, бірде басқаның бағасын көтеріп, қасақана халықтың ығырын шығарып жатыр. Олар ашулы халықтың бас көтергенін күтіп отыр» дейді сарапшы Хабар арнасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.