Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады

0 345

Еліміздің 12 облысында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысында 42 градус қатты ыстық болуы ықтимал.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 43-45 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысында 39 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Облыстың шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында сынап бағаны 35-37 градус аптап ыстықты көрсетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай ойнаған кезде екпіні 16 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, шығыста соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз батыста, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында – төтенше өрт қаупі бар. Оралда күндіз 35 градус ыстық болады.

Күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнаы. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай ойнағанда екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.