Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жұмыссыз ретінде қалай тіркелуге болады?»

0 217

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Бұл бюрократтық тосқауылдарды болдырмау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қағазбастылықтан арылудың ең тиімді жолы. Осыған орай «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №259 бұйрығына сәйкес, Жұмыспен қамту орталығына және Жұмыс іздеп жүрген адамдарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі бекітілген.
Ізденуші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда өтінішті қабылдап алған Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіден қабылданатын құжаттар топтамасының дәйектілігін тексереді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және Жұмыспен қамту орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде ол туралы дербес ақпарат алу үшін «Еңбек нарығы» ААЖ-да мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады және Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушілердің жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізілген дербес деректері негізінде «Еңбек нарығы» ААЖ-да жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына негіздей отырып, жұмыс ізденушілерді санатқа бөледі. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері енгізген деректер негізінде «Еңбек нарығы» ААЖ-да ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады. Жұмыспен қамту орталығы ұсынылған құжаттардың және оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді. Орталық қызметкері ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

А.АТИН,
Тараз қаласы әкімдігінің
«Халықты жұмыспен қамту орталығы»
КММ-нің директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.