Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Маман болып қалыптасуыма мүмкіндік берді»

0 495

Альбина Атен,
журналист:

– Жас та болса бас қалаға айналған ғажап шаһар мені де өзіне бірден баурап алды. Осы жерде білім алып, осы мекенде өсіп-өніп келемін. Елорда талай жастың басын қосқан құтты мекен. Осында отбасылы болып, балаларымызды тәрбиелеп отырмыз. Бас қала бізді қайсар да мықты болуды үйретіп, маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік берді. Өзімді әртүрлі салада шыңдап, мемлекеттік қызметтен бастап журналистика саласына дейін тәжірибе жинадым. Себебі елордамыз үлкен мүмкіндіктер мекені!
Бүгінде, елордамыз- арман-қиялдарды жүзеге асырып, алуан тағдырларды тоғыстырып жатқан көркем қала. Жаңа заманда күннен – күнге көркейіп, қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін!
Баршаңызды бас қаламыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қаламыздың сән-салтанаты жарасып өркендей берсін! Мереке құтты болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.