Қалалық қоғамдық-саяси газет

Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты

0 179

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған Азамат Батырбаевқа қатысты сот шешімі шықты деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Батырбаевқа қатысты шешім Талдықорған қалалық сотында шығарылды.

«Тергеу материалдары сотқа айыпталушының өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісімімен түсті. Сот шешіміне сәйкес ол 4 жыл 6 ай көлемінде шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл уақыт аралығында сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалады», – деді қалалық сот өкілдері.

Айта кетсек, бұған дейін Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов ол өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісімге қол қойғаны туралы мәлімдеген еді.

«Өз тарапымнан Азамат Батырбаевтың процессуалдық келісімге қол қойып, кінәсін мойындағанын растай аламын. Ол өзі маған бұл туралы айтты. Мен оның процессуалдық келісімге қол қоюына үзілді-кесілді қарсы болғанмын. 2022 жылдың 2 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін оны қорғау үшін жасаған барлық жұмысым далаға кетті», – деп атап өтті адвокат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.