Халықаралық Тараз инновациялық институтының жаңа ректоры болып Марат Баяндин тағайындалды.
Марат Баяндин 1971 жылы 23 маусымда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Назаровка ауылында дүниеге келген.
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының докторы
Білімі: 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ) «Өнеркәсіптік-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Айта кетейік ,2012 жылдан бері Халықаралық Тараз инновациялық институтын Ерболат Саурықов бүгінгі уақытқа дейін басқарды.