Қалалық қоғамдық-саяси газет

Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

0 365

Маңғыстау облысында жұмыссыз ауыл тұрғындары жұмысқа орналастыруды талап етіп, жолды жауып тастады деп хабарлады turkystan.kz  

«29 маусым күні сағат 18.20-да Жетібай мен Мұнайшының 30-ға жуық жұмыссыз тұрғыны мұнай секторына жұмысқа орналастыруды талап етіп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орнына баратын жолды жауып тастады», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Оларға жұмысқа орналастыру жалпы кезек бойынша жүргізілетінін жеткізді. Кезектен тыс жұмысқа орналастыру басқа үміткерлерге жасалған әділетсіздік болады», – делінген хабарламада.

Әкімдік ауданда жыл басынан бері 366 жұмыс орны ашылғанын, бұл мақсатқа 2022 жылы өңірлік жоба аясында 180 миллион теңге бөлінгенін баса айтты.

«Қазір бұл бағдарлама бойынша 172 адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 170 000 теңгені құрады. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстық жұмыспен қамту орталығында орташа жалақысы 100 000 теңгеден асатын бос орындар бар. Бірақ тұрғындардың басым бөлігі  жалпы кезекті айналып өтіп, мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп, қарапайым жұмысқа барудан бас тартады», – деп қорытындылады әкімшілік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.