Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлер палатасының көмегі көп

0 577

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне жан-жақты көмек көрсетілуде, атап айтқанда: кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қолайлы жағдай жасау, қаржылық және қаржылық емес қолдау, сондай-ақ, жобаларды сүйемелдеу.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының өңірлік кеңесі,облыстың 28 бизнес өкілінен тұрады.

2021 жылы Өңірлік кеңес құрамымен 10 отырыс өткізіліп, 43 проблемалық мәселе қаралған.

Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша Өңірлік кеңеспен 4 отырыс өткізіліп, 18 проблемалық мәселе қаралды,оның ішінде: 7 бизнес мәселелері. 2 мәселе оң шешімін тапты, қалған 5 мәселе жұмыс барысында.

2021 жылы Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының қарауына 355 өтініш келіп түсті, оның ішінде бизнесті қорғау желісі бойынша 2020 жылғы ауыспалы өтініштерді есепке алғанда 170 өтініш болды.

Оның ішінде: кәсіпкерлердің пайдасына 38 өтініш оң шешімін тапты, 70 өтініш бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 7-і қарауда, 55-і рұқсат етілмеді.

Ағымдағы жылы 5 айда, 128 өтініш келіп түсті.Оның ішінде қорғау желісі бойынша 35 өтініш, оның ішінде: 8-і оң шешімін тапты, 14 өтініш бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 11-і жұмыс барысында, 2 тоқтатылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес желісі бойынша 2021 жылы 4 отырыс өткізіліп, 8 мәселе қаралды.

Ағымдағы жылы 2 отырыс өткізіліп, 8 мәселе қаралды, оның 3-і оң шешім алды.

Жалпы, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында жалпы өңірлік өнімнің 80% – ға өскені байқалады(2021 жылы 2356 млрд.теңге, 2020 жылы 1901 млрд. теңге).

Облыстың жалпы өңірлік өнімқұрылымында ең көп үлесті, өнеркәсіп – 26,4% (498,5 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы – 18,2% (223,4 млрд. теңге), көлік – 22,8% (381,3 млрд. теңге), сауда – 15,8% (285,9 млрд. теңге), құрылыс – 9,2% (188,7 млрд. теңге)салалары алады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша,жыл сайын облыс халқының өсу серпіні байқалады, олардың саны 1 149,9 мың адамды құрады (2019 жылы – 1130,1 мың адам, 2020 жылы-1139,2 мың адам).

Облыстағы тұрақты экономикалық жағдайға байланысты шағын орта бизнессубъектілерінің саны артты. 2021 жылы бизнестің белсенді субъектілерінің саны 71,5 мыңды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (69,3 мың) 2 мың бірлікке артқан.

2022 жылғы 1 мамырда жұмыс істеп тұрған шағын орта бизнес субъектілерінің саны 74 686 бірлікті құрады (заңды тұлғалар – 8 429 бірлік, ЖК – 47 613 Бірлік, ШҚ – 18 644 бірлік).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.