Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 32 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

0 534

Президенттің бағаны тұрақтандыру туралы тапсырмасы үкіметке жүктелген негізгі міндет. Қазір Жамбыл облысында да бағаны тұрақты ұстап тұруға күш салынып жатыр.

Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша 8,4 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасып отыр.

Тұрақтандыру қорын қосымша қалыптастыру үшін 3000 тонна 1-ші сұрыпты ұн, 60 тонна қарақұмық жармасын және 500 тонна қант сатып алу үшін конкурс жарияланды.

Бүгінгі күнде тұрақтандыру қорында 1 айлық қор қалыптасқан.

Бұдан бөлек, оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністермен облысты қамтамасыз ету мақсатында келісім шарттар жасалынды қырыққабат – 40 тонна, сонымен қатар пияз және сәбіз сатып алу үшін келісімшарт келісуде.

Облыстағы халықтың әлеуметтік-осал топтарын қолдау үшін 32 әлеуметтік дүкендер мен павильондардың (Тараз қаласында 16 дүкен және аудан орталықтарында 16 дүкен) жұмысы жалғасын табуда. Әлеуметтік дүкендерде негізгі азық-түлік тауарлары 20 пайызғы төмен сатылуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.