Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балконнан құлаған балалар неге көбейді?

0 629

Елімізде соңғы жылдарда балконнан құлаған балалардың саны көбейген. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше өткен жылдың басында  дәл осындай 17 оқиға орын алып, өкінішке орай 2 бала қаза тапқан. Ал биылдың өзінде 6 оқиға тіркелген екен. Абырой болғанда адам өлімі жоқ. Мұндай жайттардың жиілеуіне не себеп? Осыған аз-кем үңіліп көрсек…

Көбінесе бұлардың басты себебі – ата-аналардың немқұрайлығында жатыр екен. Қараусыз қалған бала сондай кезде бірден терезеге ұмтылатыны белгілі. Ал оларды қорғау үшін не істемек керек? Ел аузында айтылып жүрген москит торы мәселенің шешімі бола алмайды. Зәулім ғимараттардың немесе тұрғын үйлердің жоғары қабатында осындай оқыс оқиға бола қалса бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін емес екен. Мәселен, көршілес Ресей терезелерге арнайы торлар мен құлыптар орнату арқылы қайғылы статистиканы сәл де болса азайтқан. Осы мәселені зерттеп жүрген азаматтық қорғау саласы мамандарының бұған дейінгі тұжырымдарынан түйгеніміз бала ересектердің қараусыз қалса терезелерден ғана емес электр тогы мен жанғыш заттардан да  көптеген қауіп туындауы мүмкін. Сол үшін де олар балаларды терезесі ашық бөлмелерді қалдырмауды баса ескертеді.

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында болған 8 жасар бүлдіршіннің оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді. Сәбит Шонтақбаев пен оның досы Сағи Жылқышиев есімді азаматтардың арқасында балғынның аман қалғаны да көпке мәлім. Ендеше осындай жағдай тағы да қайталанбасына кім кепіл?! Сондай кезде бір-бір Сәбит пен Сағи әрдайым табыла қоймайтыны тағы бар. Ал мұның соңы  орны толмас өкінішке соқтырады. Сол үшін баланы ешқашан жалғыз қалдырмаған абзал.

Әмина Ескермес,

Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.