Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өркениет көшіне жол бастайтын ұстаз

0 516

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі» – деп ұстаздарға стратегиялық міндеттер жүктеді.Аталған міндеттерді жүзеге асыру біздің ұжым үшін  eгeмeн eліміздің тұрaқты дaмуын қaмтитын, мeмлeкeтіміздің бaрлық caлacынa ceрпін бeрeтін, хaлқымыздың игілігін көздeйтін шынaйы іc-жоcпaрғa құрылғaн, әрі құндылықтaрымызды зaмaнaуи бaғыттa жaңғыртуғa жол cілтeйтін жaңa қaдaм болды. 

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде кәсіптік-педагогикалық білім берудің аса маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру парадигмасынан іс-әрекет құзыреттілігін беруге ауысу болып табылады. Қазіргі жағдайда білім беру  жаңа ақпаратты, жаңа идеяларды меңгеру ғана емес, сонымен бірге ол өзіндік ізденуді қажет ететін алғышарттарды қалыптастыру  қажеттігі туындайды. Адамзат баласының саналы ғұмырында ешкім тартып ала алмайтын меншігі, баға жетпес байлығы – ол оның тірнектеп жинаған білімі. Нағыз білімділіктің басты өлшемі біздің ұстаздарымыздың өз кәсібіне деген адалдығы мен әділдігінде, елі мен халқының алдындағы парызын терең түсінуінде.

Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жетсе мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» деген даналығымен ғұламалар дәл бүгінгі күннің талабын айтып тұрғандай. Жиырма бірінші ғасыр – жаңалығы желдей ескен, адамзаттың санасы ғарыш кеңістігімен таласқан кезең болып тұр, әлем сағат санап өзгеруде, қойылар талап та бөлек.

Кешегі ұстаз талабына сай теориялық білімінің тереңдігімен, мерейінің үстемдігімен ерекшеленсе, бүгінгі жаңашыл  ұстаз талап үрдісінен шығу үшін алған білімін қолдана білумен қатар оқу үрдісін ұйымдастыруымен,білім берудегі құндылықтар мен оқытудан күтілетін нәтижелерді жүйелей алуымен, қажеттіліктерді анықтап, қолдана алу дағдыларын қалыптастыруымен ерекшеленуі тиіс. Қоғам алдында жаңашыл мұғалімнің бойында жеке көзқарасы, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеттерімен қатар,  өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын құзіреттілікке ие мамандар дайындау міндеті тұр .

Кез келген ұстаз мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Бұл білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың заманауи  әрі жаңа сапасын жүзеге асыруды талап етеді.

Қазіргі таңда білім мен ғылымға қояр талап артып, оқу жүйесі күрделенген шақта жаңа қоғам  мен мәртебелі маман иесі мұғалімдерге жүктелер жүк  те еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында білім беру мен ғылым ғана емес, сондай-ақ өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта тәрбиеленген білімді де білікті маман тәрбиелеп шығару міндеті тұрғаны айқын, әрі бұл тұрғыда бізге жүктелер жауапкершілік  те жоғары екенін жақсы білеміз. Біздін кәсібіміз ерекше кәсіп, шәкіртінің бойындағы өзге көрмеген, өзгеге байқалмайтын жақсы қасиеттерді көруге, оны дамытуға бірден-бір жәрдемші болуға тырысып жүреміз, жаңашыл ұстаздың талабын да жақсы түсінеміз.

Бүгінде білім бер саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр, соларды мүмкіндігінше іске асыруға тырысамыз. Орта білім берудің жаңа моделі, ағылшын тілін меңгеру, кәсіптік білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау,  рухани жаңғыру жолында жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлер мен PhD докторларды дайындау арқылы жоғары оқу орнындағы білім сапасын жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, функционалды сауаттылықты арттыру жолдары мен әдістерін кеңінен қолдану жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгін біз білім берудің өзекті мәселелерін талқылаудамыз. Қазақстандықтар мен мемлекетіміз үшін зор маңызы бар білім беру саласында бірлесе жұмыс жасауымыз қажет.  Жаңғыруда жаңа серпіліс болып отырған бастамаларды жүзеге асыруда да бізге жүктелер жүк салмақты, тез шешуді қажет ететін мәселелер аз емес. Десек те, біз даму жолдарын  көріп отырмыз. Ең басты мақсат – білім сапасын арттыруға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін осы үдеріске әрқайсымыз өз тарапымыздан белсенділік көрсетуге тиіспіз.

Бүгінде біздің ұжым айтылған  мәселелердің өзектілігін терең ұғынып, басшылықтың қолдауымен білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жолында өзіндік жаңа бастамаларымен жұмыс атқаруда. Адалдық, криативтілік принциптеріне жүгіне отырып, білім беру сапасын көтеру осы уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан нәтижелі жобалардың жұмысын жандандыру, ұстаздардың кәсіби өсуіне байланысты әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі шешімін тауып, еңбегіне қарай өтем, яғни дербес қаржыландыру бастамасы жүзеге асырылуда.

Жастардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағдыны қалыптастыру мақсатында кeлeшeк ұрпaқ мүддecін қорғaудың нaқты жолдaрын ұcынып отыр. Бүгінде  әлемдегі беделді  жоғары оқу орындарында білім алуға жаңа мүмкіндіктер жасалып,  жақсылықты, өзгерісті нақты сезінуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер үшін қарастырылған жеңілдіктер, жастардың құқықтық, цифрлы-технологиялық сауаттылығын арттыру бағытындағы іс-шараларды,балалар институтын қолдау, инклюзивті білім беру,  жеке тұлғаны зерттеу, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мақсатты жұмыс жасау мәселелерінжаңа жолдау негізінде жаңғыртып, сәтті іске асырылуына күш салуда.Сапалы білім – болашақта жақсы маман болып шығудың кепілі болса, соған лайық ұстаз болу бүгінгі заман талабы. Сондықтан біз бұл жағынан әлдеқайда ілгеріміз десек артық айтпағандық болар. Жаңалықтарды енгізе отырып, еліміздің табысты болуына, дамуына, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне әлі де өз үлесімізді қосамыз. Қазіргі таңда адам еңбегінің бағалануына ерекше мән беруі, қолдауы, дәріптeуі болaшaғымыздың жaрқын, жолының дaрa болaтындығынa ceнімімізді aрттырaтындығы жәнe жігeрімізді шыңдaйтыны cөзcіз.

Кенжебаева Алима Толеуовна

                                         «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру»                   

                                          кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.