Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскердегі қызмет – әрбір азаматтың қасиетті борышы

0 458

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде азаматтарды әскери қызметке шақыру кезіндегі проблемалық мәселелер белсенді талқылануда.

Біздің елімізді қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және конституциялық міндеті болып табылатыны Конституциямызда да тайға таңба басқандай жазылған.
Осы мақсатта жыл сайын Мемлекет басшысы азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы Жарлық шығарады. Оны ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдарға жүктелген және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 31-бабына сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақыруға жатады. Ал бұл азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі (Заңның 30-бабы). Әскери міндетті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді де ішкі істер органдары жүзеге асырады (Заңның 17-бабы, 3-тармағы).
Бұл ретте әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Баяндалғанды ескере отырып, азаматтарды саналы болуға, ал жұртшылықты жүргізіліп жатқан шақыру науқанына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Тараз қаласы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.