Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шағын және орта бизнеске қолдау көп

0 125

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – елімізде алдыңғы орынға шығарылып отырған мәселелердің бірі, экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сондықтан, елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі жобалар қолға алынды. Аталған бағыттағы шаралар Жамбыл ауданында қарқынды қолға алынуда. Мәселен осы жылдың 2022 жылдың 5 айы ішінде ауданда тіркелген шағын және бизнес субъектілерінің саны 5945 бірлікті құрады. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 4966 бірлік, жеке кәсіпкерлер 2494, шаруа қожалықтар 2232 заңды тұлғалар 239 бірлікті құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады. Шағын және орта бизнес салысында жұмыс атқарып жатқан азаматтар саны 7 115  адам. Жұмыс істеп тұрған субъектілер өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда қосымша 2,1 пайызға артқан.

Аудан бойынша 13 өнеркәсіп өнімдерін өндіретін  кәсіпорындар жұмыс атқарады. Олардың 1 орта «Супер-Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 12 шағын «Кнауф Гипс Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Амангелді ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), кәсіпорындар оның ішінде «Каз-Фос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Берсанукаев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Винзавод Южный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  «Фрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Тараз-Пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Косенко»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Аса-Су»КМК, «КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындары бар. Кәсіпорындардың негізгі өндіретін бағыттары; бір реттік медициналық бұйымдар, гипс тасы мен андигрид өндіру, құрылыс гипсін өндіру, темір бетон өнімдері, натридің гексаметафосфатын өндіру, шұжық өнімдері, мұнай өңдеу тағы басқа.

Атап айтар жайт, ауданда кәсіпкерлік саласы экономиканың түрлі салалары бойынша дамып келеді. Мәселен,  медицина саласында «Super Pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір реттік қолданылатын медициналық бұйымдар шығарумен айналысады. 2021 жылы жалпы саны 1 миллиард 638,1миллион теңгенің өнімін өндірді. Сондай-ақ, 57,6  миллион дана медициналық бұйымдар шығарды. Қазіргі таңда кәсіпорында  165 адам жұмыс істеуде. Жалпы медицина өнеркәсібі саласында 165 адам жұмыс атқарады.

Ал құрылыс саласында «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі темір бетон бұйымдарын шығарумен айналысады. 2021 жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 430,9 миллион  теңгені құрады. Сондай-ақ 44,4 мың тонна темір бетон өнімдері шығарылды. Кәсіпорында 100 адам жұмыс істеуде.

«Кнауф-Гипс Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гипс тасын өндірумен айналысады. 2021 жылы серіктестік 1 миллиард 352,4 миллион теңгенің өнімін өндірді. Сондай-ақ, 720,1 мың тонна гипс тасы өндірілді.  Кәсіпорында 46 адам жұмыс істеуде.

«Тараз пласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пластикалық есіктер мен терезелер шығарумен айналысады. Жылына 15,3 тонна пластикалық өнімдер шығарады. Ақшалай көлемі 21,0 миллион тг өнімін өндірді. Кәсіпорында 10 адам жұмыс істейді.

«Косенко» ЖК  күйдірілген кірпіш шығарумен айналысады. 2021 жылы 10 мың дана кірпіш шығарды. Кәсіпорында 7 адам жұмыс істейді

«Таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  күйдірілген кірпіш шығарумен айналысады. 2021 жылы 15 мың дана кірпіш шығарды. Кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді.

«КазУпакТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі гипс тасын өндірумен айналысады. 2021 жылы серіктестік 294,3 миллион теңгенің өнімін өндірді. Сондай-ақ, 25,3 мың.тонна гипс тасы өндірілді.  Кәсіпорында 40 адам жұмыс істеуде.

Жалпы құрылыс өнеркәсібі саласында 218 адам жұмыс атқарады.

Сонымен қатар, химия саласы бойынша «КазФос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі натридің гексаметафосфатының өндірумен айналысады. Жылына 800 мың тонна өнім шығарылуы күтілуде. Кәсіпорында 20 адам жұмыс істеуде.

«Фрай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік газ өндірумен айналысады. Жылына 15 миллион теңгенің өнімін шығарды. Натуралды көлемі 50 мың текше метр. Кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді.

«БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг биоэтанол шығарумен айналысады. Жылына натуралды көлемі 347 тонна биоэтанол шығарады. Ақшалай көлемі 260 миллион теңге. Кәсіпорында шамамен 20 адам қызмет атқарады.

Жалпы химия өнеркәсібі саласында 100 адам жұмыс атқарады.

Бұдан бөлек, мұнай саласы бойынша «Амангелды газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылы  зауытта жалпы 133,3  мың тонна мұнай өнімдерін өңдеді. Сондай-ақ зауыттың  қаржылай көлемі 12  458,7  миллион теңгені құрады. Жалпы зауытта 400 адам жұмыс істейді. Жалпы мұнай өнеркәсібі саласында 400 адам жұмыс атқарады.

Сондай-ақ, тамақ өнеркәсібі саласы бойынша  «Аса Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  2021 жылы  құс фабрикасында жалпы 80,3  миллион дана жұмыртқа шығарды. Сондай-ақ фабриканың  қаржылай көлемі 1  454,5  миллион теңгені құрады. Кәсіпорында 46 адам жұмыс істейді.

«Берсанукаев» ТПК шұжық өнімдерін шығарады.  2021 жылы  цехта жалпы 60 тонна  шұжық шығарды. Сондай-ақ цехтың  қаржылай көлемі 69,0 миллион теңгені құрады. Кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді.

«Тимофеев» ФШҚ-ы  сүт өнімдерін шығарумен айналысады. Жылына фермерлікте жалпы 40 тонна сүт өнімдері шығарылады.  Кәсіпорында 34 адам жұмыс істейді.

«Винзавод Южный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-і  шарап шығарумен айналысады.  2021 жылы  кәсіпорын 1,0 миллион литр шарап өнімдерін  шығарды.   Сондай-ақ фабриканың  қаржылай көлемі 780,0 миллион теңгені құрады. Кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді.

Жалпы тамақ өнеркәсібі саласында 151 адам жұмыс атқарады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.