Қалалық қоғамдық-саяси газет

Референдум – саяси реформалардың негізі

0 997

Референдумға дауыс беру құқығы бар ел азаматы ретінде бүгінгі күнді ел келешегі үшін өз таңдауымды жасаудан бастадым. Таңғы 7.00-де сайлау учаскесіне барып, азаматтық көзқарасымды білдірдім.
​Жалпы бүгін кез келген азамат болашағы үшін немқұрайлылық танытпайды деп сенемін. Референдум – елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізі.
Конституциядағы түзетулер туралы халыққа жасаған Үндеуінде Мемлекет басшысы референдум біздің қоғамның азаматтық жетілуіне және саяси санаға оң өзгеріс болатынын атап өтті. Бұл саяси серпіліс қана емес, өзгерістердің бастауы болады деген сенім бар.
Президент атап өткендей, саяси реформалар әрбір азаматтың ортақ ісіне белсенді және жасампаз қатысуды көздейді. Жаңа түзетулерге дауыс бере отырып, мен сыбайлас жемқорлыққа, саясат пен экономикадағы монополияға қарсы өз шешімімді қабылдап, таңдау жасадым.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.