Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды

0 569

Еңбек инспекциясы басқармасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалы және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – тараптардың ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастығы және өзара келісімі негізінде төрт жақты бірлескен қызметі арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты қамтуды арттыру және жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік әділетсіздікке ұшырауының алдын-алу және болдырмау.

Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып әлеуметтік серіктестік негізінде меморандумның мақсатын жүзеге асыруға бірлескен іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыла кірісуге ниетті екендіктерін білдірді.

Бұл шара бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру, еңбек саласын цифрландыру жұмыстарын жүзеге асыруда оң серпін береді деген сенімдеміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.