Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мейрамбек Төлепберген «AMANAT» партиясының мүшелерімен кездесті

0 1  027

Бүгін Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген «AMANAT» партиясы Тараз қалалық филиалының депутаттық фракциясының, штаб мүшелерімен және белсенді бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесті.

М.Төлепберген жиын барысында штабтың конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда:
▪️біріншіден, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту;
▪️екіншіден, биліктің бірқатар өкілеттігін қайта бөлу;
▪️үшіншіден, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі;
▪️төртіншіден, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту;
▪️бесіншіден азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту екенін нақтылап түсіндіріп өтті.

Конституциялық реформа – мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін береді. Еліміздің саяси-құқықтық өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.

Жиынға қатысушылар реформаларды қолдайтындарын айтып, ұсыныс -тілектерін білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.