Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мен оқыған бір кітап»

0 848

Тараз қаласы №30-мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету мақсатында сәуір айының 11-15 күндері аралығында оқыған шығармаларын қорғау негізінде «Мен оқыған бір кітап» мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауға 5-10-сынып оқушылары толық қамтылды.

5-сыныптардан оқуға ұсынылған шығармалары бойынша байқау тесті алынса, 6-сыныптар «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында эссе жазды.
7-сыныптар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі шығармалардан постер қорғап, 8-сыныптар шығарма үзінділерінен көрініс көрсетіп, тамаша актерлік өнерлерімен көрермен көңілінен орын алды. 9-10-сынып оқушылары 3 тілде слайд қорғады.
Байқау барысында әр сыныптар бойынша орындар тағайындалып, марапатталды. Келешекте де кітап оқуға баулитын іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі, – дей келе, барша халықты кітап оқуға шақырамыз!

Ж.Мұраталиева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
А. Абласанова,
№30 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.
Тараз қаласы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.