Тараз қаласы прокуратурасы мемлекет пайдасына және алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалуына тұрақты түрде талдау жүргізіп, оң нәтижелерге қол жеткізді.
Ағымдағы жылдың басынан прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекет пайдасына 19,8 миллион теңге қаражат өндірілді. Заң бұзушылыққа жол берген 51 жеке сот орындаушылар тәртіптік, 25 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың пайдасына 9 миллион теңге өндірілді.
Мысалы, мемлекет пайдасына 5 миллиард теңге қарызы бар борышкер 4 жылжымайтын мүлік пен 1 автокөлікті өз иелігінен шығару туралы мәмілелер сот арқылы жарамсыз деп танылып, мемлекет пайдасына аталған берешекті өндіру үшін мүмкіншілік пайда болды.
Прокуратура органдары проблемалық алименттерді өндіру мәселесіне аса назар аударуда.
Қазіргі таңда қала бойынша 250-ден астам проблемалық өндірістер бойынша жалпы берешегі 210 миллион теңге құраған.
Прокуратура органдарының бастамасымен 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, онда 22 борышкер жұмысқа орналастырылды. Борышкерлердің 10 мүліктері сатылды, өндіріп алушы мен борышкердің арасында 20 медиация жасалынды. Нәтижесінде алимент бойынша жалпы сомасы 50 миллион теңгеге қарыздар өтелді.
Сонымен ағымдағы жылдың басынан сотпен прокурордың қаулысы бойынша 22 жалтарып жүрген борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 16-сы қамаққа алынды. Бұдан басқа қала прокуратурасымен Тараз қалалық білім бөлімінің бухгалтерлер тарапынан өз міндеттерін тиісінше орындамауы нәтижесінде 2019-2021 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 3,7 миллион теңгеге алимент төленбеу деректер анықталған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 67 кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды, олардың пайдасына 2022 жылдың басынан бастап қосымша 1,9 миллион теңге мөлшерінде берешек өндіріп алынды. Қалған берешекті борышкерлердің жалақысынан өндіріп алу ай сайын жүргізілуде.
Борышкердің айлығынан ұстап тұру үшін атқару парағын жолдамау салдарынан, 100-ден аса бала алимент ала алмай отырғандығы анықталды. Барлығы жолданып, алиментке мәжбүр балалардың құқықтары қорғалып, прокурорлық ықпал ету актілерімен 1 904 328 теңге алимент өндірілді.
А.Далешова,
Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры