Үндістанның Махараштра штатында ата-анасы қалыңдықты тойға қонақ болып келген жігіттердің біріне ұзатып жіберді деп хабарлады turkystan.kz bigpicture.ru порталына сілтеме жасап.
Бұл мәліметті India Today агенттігі берді.
Бұған күйеу жігіттің мас болып қалып, өзінің тойына кешігіп келгені себеп болыпты.
«Қыздың жаңа күйеу жігітін өз әкесі таңдапты. Ол тура тойдың салтанаты кезінде келген қонақ жігіттердің бірін өз қызымен некеге отыруға көндіріпті.
Мерекелік шара сағат 16.00-ге белгіленеді. Күйеу жігіт бұдан төрт сағат кейін келеді. Соған дейін ол достарымен бірге өзінің қуанышын жуып жүріпті», – делінген порталда.
Күйеу жігіт жора-жолдастарын ертіп, тойханаға келгенде «төбе шашы тік тұрып», қонақтармен сөзге келіп, жаға жыртысып, төбелесіп кетіпті.
«Қызым енді бұл жігітке тұрмысқа шықпайды. Күйеуім де соны айтып отыр. Тойға келмеген күйеу жігіт бәріне өзі кінәлі. Бәрі дайын болып тұрғандықтан, қызымыз өз туыстарымыздың біріне тұрмысқа шықты», – деді қалыңдықтың анасы.