Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға 20 жаңа автобустар келді

0 242

Тараз қаласы әкімі шаһардағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмысын басты назарға қойып, автопарк жетекшілеріне жан-жақты қолдау көрсетуде. Ержан Жылқыбаев көпке уәде еткендей бүгін Таразға тағы 20 жаңа автобус келді. Қоғамдық көлік «ӘулиеаТрансПас» ЖШС-на тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, бұға дейінде аталған автопарк жаңа 10 автобуспен толыққан еді. Ал, бүгін жеткен қоғамдық көліктер 1 мамамырдан бастап №19 маршрутта жүреді. Тағы бір жағымды жаңалық, 9 мамырдан бастап 19 бен 37 маршрут бірігіп, Шалғай Қарасуға қатынайтын жаңа бағыт іске қосылады.
Жаңа көліктердің сыйымдылығы үлкен. «Yutong» маркалы автобустар заманауи әрі соңғы үлгіде жабдықталған. Мұнда жолаушылар үшін бейнебақылау орнатылған, желдеткіш және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар да бар. Тағы бір ерекшелігі, бұл автобустардан түтін көп бөлінбейді, экологиялық таза болып табылады. Бір көліктің құны 38 млн теңгені құрайды.
Автопарк басшысы, мемлекет тарапынан қолдаулар жалғаса берсе, алдағы уақытта тағы да жаңа автокөлік әкелуге ниетті екенін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.