Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Біздің инженеріміз болыңдар»: Google қазақтың балаларын жұмысқа шақырады

0 510

Google компаниясы болашақта қазақтың балаларын жұмысқа шақыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы мәлімет Facebook-тегі ZTB Qazaqstan парақшасында жарияланды.

«АҚШ-тың Хьюстон қаласында 7-9 жастағы балалар арасында робототехникадан өткен First Lego League әлем чемпионатында Қазақстан командасы бас жүлдені жеңіп алды», – делінген хабарламада.

Чемпионатта жүк тасымалын тиімді жеткізу бойынша жобалар сарапқа салынды. Қазақстан командасы жүкті поезбен тасымалдауда дронды пайдалану жобасын ұсынды. Оған Google-дың өкілдері қызығушылық танытып, қазақтың балаларын компанияның инженерлік жұмысына шақыратынын айтты.

«Болашақта біздің инженеріміз болыңдар. Жобаларың ұнады», – деді сайыста Google-дың өкілдері қазақтың қаракөз балаларына.

Жарысқа әлемнің 60 елінің командасы қатысты. Қазақстан жарыста алғаш рет бақ сынады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.