Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 1 жастағы баланы көлік басып кетті

0 416

Алматы қаласының Алатау ауданында жеке үйдің ауласында көлік басып кеткен 1 жастағы бала көз жұмды  деп жазды turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 сәуір күні болған. Жеке үйдің ауласынан шығып бара жатқан Mitsubishi Delica көлігінің 36 жастағы жүргізушісі баланы байқамай басып кеткен. 2021 жылы туған бүлдіршін жедел жәрдем келгенше алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.