Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жерімізді қайтарамыз»: Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

0 394

Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Жиында ол Ресей әскерінің бақылауға алған жерлерін қайтаратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Зеленскийдің сөзінше, егер Ресей Мариупольдегі адамдарды қырса, жаңа псевдореспубликаларда псевдореферендумдар жарияланса, Украина барлық келіссөз процестерінен шығады.

Украина президенті Ресей басқыншылығына қарамастан келіссөзді қолдайтынын және Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін жеткізді. Зеленский сонымен бірге Украина соғыс кезінде Ресей армиясы бақылауға алған аймақтарды қайтаратынын да айтты.

«Қару-жарағымыз көбейсе, алға жылжимыз, жерімізді қайтарамыз. Бұл ондаған жылдан кейін болатын нәрсе емес», – деген Украина президенті батыс елдеріне қару-жарақпен көмектескені үшін алғысын айтты.

Зеленскийдің айтуынша, жексенбі күні Киевке АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі келуі тиіс. Олармен қару-жарақ жеткізу мәселесі талқыланады. Украина президенті қазір Мариупольді әскери жолмен азат ету мүмкін емес екенін айтып, Ресейді мәселені гуманитарлық жолмен шешуге яғни,«Азовсталь» зауытында қоршауда қалған украин әскері мен бейбіт тұрғындарды Ресей тұтқындарына алмастырып, босатуға үндеді.

Зеленский сонымен бірге Ресей тұрғындарын соғысқа қарсы шығып, ұстанымдарын айқын жеткізуге шақырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.