Қалалық қоғамдық-саяси газет

Билікте бүгін де біраз ауыс-түйіс болды

0 294

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар ауыс-түйіс жасалды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметте болған Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Сонымен қатар Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Марат Зеникенұлы тағайындалды. Сондай-ақ Марат Зеникенұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.