Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын алқаптар енді электр энергиясынан тапшылық көрмейді–Ержан Жылқыбаев

0 426

     Тараз қаласына қосылғандарына 10 жылдан аса уақыт өтсе де, Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма тұрғын алқаптары мен 28 саяжайға электр желілері былтыр тартылды. Ал ол алқаптарда 25 мыңнан астам адам тұрады.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде қала әкімі Ержан Жылқыбаев айтты. Ол әлеуметтік желіде, тұрғындармен кездесуде «Осы аймақтарда жаңа электр желісі қашан іске қосылады?» деген сауал ылғи да түсіп жататынын атап өтті.
«Негізі, бұл аумақтардың барлығын қаланың электр желісіне қосу үшін арнайы бөлек подстанция қажет. Оның сметалық-құжаттамасын Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы дайындауда. Одан кейін республикалық бюджетке өтінім жасалады. Егер қаражат бөлінсе, құрылыс келесі жылы басталады. Бұл жұмыстар үлкен қаражатты талап етеді. Бірақ, оған дейін ТГЭС-пен келісіп, уақытша электр желісі тартылып, шетінен қаланың электр желісіне қосып жатырмыз. Қазір Қызыл-Абад алқабы толығымен аяқталды», – деді спикер.
Бүгінде Жиделі, Көлтоған алқаптарын қосу жұмыстары жүргізілуде. Содан кейін 28 саяжайды ретімен қосу жұмыстары іске асады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.