Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде қоғамдық көлік дүкенге соғылды

0 181

Ақтөбеде №7 бағытта жүрген қоғамдық көлік жол апатына ұшырады деп хабарлады turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең қаладағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында болған. Автобус алдымен қоршауға, кейін дүкенге соғылған.

«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кестек, автобус соғылған дүкенде балалар киімі сатылған. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы жұмыс орнының қасбеті бүлінген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.