Қалалық қоғамдық-саяси газет

«3 мыңға жуық сарбазымыз қаза тапты» – Зеленский

0 421

Украина президенті 24 ақпаннан бері 2500-ден 3000-ға дейін украиндық әскери қызметкердің қаза тапқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Саясаткермен сұхбаттың үзіндісін CNN жариялады.

Оның айтуынша, он мыңға жуық сарбаз жараланған және олардың қаншасы тірі қалатынын айту қиын.

«Бейбіт тұрғындар туралы айту өте қиын, өйткені біздің елдің оңтүстігінде елді мекендер мен қоршалған қалалар Херсон, Бердянск, Мариуполь және одан әрі шығыста Вольноваха орналасқан, сол аймақтарды қоса алғанда біз нақты қанша адамның қаза тапқанын білмейміз», – деді ол.

Президент елдегі болып жатқан қиын жағдай өзі үшін ауыр азап екенін атап өтті.

«Тек кек алу мен өлтіруді көздеу дұрыс емес. Бірақ мен көптеген адамдар қайтыс болған және жақындарынан айырылған мемлекеттің президенті ретінде елдегі әрекетті қадағалауым керек. Бұл соғыстың аяқталуы үшін, қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Ол неғұрлым ұзақ болса, біз соғұрлым ұтылатын боламыз», – деді Зеленский.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.