Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мектеп директоры қой сатқаны үшін жазаланды

0 3  476

Маңғыстауда қой-ешкі шаруашылығымен айналысқан мектеп директоры жазаланды деп жазды turkystan.kz astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты Маңғыстаудағы бір мектептің директорына 430 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды. Білім беру мекемесінің басшысы қызметке келгеннен кейін бір жылдан соң ет кәсіпшілігін ашқан.

«Сот өткен жылдың 31 тамызынан бастап жалпы білім беретін мектептердің бірінің директоры кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер департаментінде тіркеуде тұрғанын анықтады. Сот қаулысымен ол «Тыйым салынған тұлғаның кәсіпкерлікпен айналысуы» бабы бойынша кінәлі деп танылды», – дейді Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Болат Пазылов.

Сондай-ақ, сот тағы бір «кәсіпкер-директорға» 428 820 теңге көлемінде айыппұл салды. Мектеп мұғалімі желілік маркетингпен айналысқан. Соттың мәліметінше, педагог арнайы тағамдар мен танымал брендтің қоспаларын сатумен айналысқан.

Аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бір айдың ішінде Маңғыстау облысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген 10 мектеп басшысын анықған. Сот олардың алтауына қатысты істі қараған. Барлығы екі жарым миллион теңге айыппұл төлеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.