Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Нашатыр спирті жоқ»: тестілеу пунктіндегі жағдайға ұстаздар шағымданды (ВИДЕО)

0 352

Желіде Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған мұғалімнің қазасына байланысты тағы бір мәлімет жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Видеоны Facebook-те білім саласының қызметкері Өмір Шыныбекұлы жариялады. Онда тестке қатысқан бір топ оқытушы мұғалімнің қайтыс болар алдында алғашқы көмек көрсететін құрал-жабдықтың болмағанына шағымданған.

«Ешқандай мүмкіндік жоқ. Көз алдымызда адам өліп жатыр. Алғашқы көмек көрсететін құрал-жабдық жоқ. Ештеңе жоқ. Не нашатыр спирті жоқ. Дәрі қобдишасы жоқ», – деп шағымданды оқытушының бірі.

Осы бейнежазбаға байланысты пікірлер де жарияланып жатыр. Соның бірін айтсақ, Сания Нүсіпәлі есімді желіні қолданушы сынақтесттердің 3600 теңгеге сатылатынын, соған қарамай  дәрігерлік көмек көрсететін жағдайдың жасалмағанын жазса, тағы бір азамат қайтыс болған мұғалімнің 25 минут дәрігерлік көмексіз өлім аузында жатқанын айтқан.

Бұл қайғылы жағдай кеше Алматы қаласындағы Көлік және логистика академиясының ғимаратында мұғалімдердің біліктілік тестін тапсыру кезінде болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.