Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлы Жібек жолының халықаралық дамудағы рөлі

0 612

Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы рөлі» атты ғылыми-теориялық онлайн-конференциясы өтті.

Онлайн-конференцияға «Казархеология» ЖШС-нің директоры Жұман Смаилов «Тараз Қазақстанның ежелгі астаналық қаласы», Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты «Орта ғасырлар археологиясы» бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер Әкімбек Ералы «Талас өңіріндегі орта ғасырлардағы керуен-сарайлар», Анкара университетінің» Тіл және тарих-география факультетінің меңгерушісі, профессор Абдулла Гүндогду «Көшпелілерің Жібек жолының дамуына қосқан үлесі және оның жаһандануға әсері», Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» директоры, археолог Сауран Қалиев «Өркениеттер тоғысындағы – Тараз» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Конференция барысында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен ролі және отандық музей саласындағы өзекті мәселелерді сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар Еуразияны Жерорта теңізінен Қытайға дейін кесіп өткен керуен жолдарының жұмыс жүйесі, ортағасырлық нумизматика, антропология мен археологиядағы жаңа ғылыми зерттеулер, көпжылдық қазба жұмыстарының нәтижелері қаралды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.