Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматының әуежайын тастап кеткен полицияның бастығы ұсталды

0 462

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының әуежайын тастап кетуге бұйрық берген полиция бастығының ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы қаласы әуежайы желілік полиция бөлімінің бастығы өзінің қызметтік міндетін орындамай, әуежайды күзетсіз қалдырған. Соның кесірінен әуежайға айтарлықтай зиян келген. Оның инфрақұрылымы бұзылып, кәсіпкерлік мүлік ұрланды. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді», – деді Е. Қилымжанов.

Қолда бар мәліметке қарағанда, сол кезде әуежайда қауіпсіздік қызметтің 165 қызметкері болған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.