Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Marwin – «Меломан» желісіне қызметкерлерінің киімдеріне «Z» белгісі жазылғаны үшін бойкот жариялау туралы ұсыныстар түсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Facebook-те тарихшы Айнаш Керней, журналистер Динара Егеубаева мен Салтанат Әшірбай және басқа да қоғам белсенділері «Marwin – «Меломан» желісін «Z» белгісі үшін сынап, оның заттарына бойкот жариялауды ұсынған.
«Соғысты насихаттауға жол бермейміз! Балаларға арналған заттарды сататын Marwin (Меломан) дүкені соғысты насихаттап жатыр. Қазақстанда соғысқа үгіт-насихат жүргізу заңмен тыйым салынған. Милитаристерге бойкот!» деп жазды Айнаш Керней.
Оған дәлел ретінде ол дүкеннің қызметкерлерінің киімдеріне жазылған «Ревизор» сөзінде «з» әрпі латынша «Z» әрпімен берілгенін айтқан.