Қалалық қоғамдық-саяси газет

Педофилдерге Қазақстанның есігі жабылды

0 401

Парламент Мәжілісінің депутаттары террористер, экстремистер мен педофилдерді кіргізбейтін заң жобасын мақұлдады деп хабарлады turkystan.kz.inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» заңдарға шетел азаматтарын елімізге кіргізбеу туралы тармақтар қосылады.

Осыған байланысты шетел азаматының экстремизм мен терроризмге, Қазақстанда экстремистік не террористік деп танылған ұйымға қатысы болса,  оған мәлімет-деректер негізінде елге кіруге тыйым салынады. Кәмелетке толмаған балаларға сексуалды сипатта қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуге өмір бойына тыйым салынатын болады. Сондай-ақ, шетел азаматтарына Қазақстанда тұрақтап қалуға және Қазақстан азаматтығын алу туралы эмигранттық өтінішін қабылдауға да рұқсат берілмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.