Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады

0 368

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жылда 17%-ға өсті. Сондай-ақ сектордағы бөлшек сауда бағалары бір жылда 6%-ға өскен деп хабарлады turkystan.kz.

Сарапшылардың деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында елімізде фармацевтикалық өнімдер 28,6 млрд теңгеге өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 11,5%-ға өскен.

Осы жылдың екі айының қорытындысы бойынша дәрі-дәрмек шығару 24,7 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 21,7%-ға артық. Өзге фармацевтикалық тауарлар 3,3 млрд теңгеге өндірілді.

Сарапшылардың айтуынша, таңу жабысқақ материалдары, кетгут және осыған ұқсас материалдар, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишалары (49,8% – ға, 34 тоннаға дейін), диагностикалық реагенттер мен өзге де фармацевтикалық препараттар (38,6 есе, 133,2 тоннаға дейін) өндірісі артты.

Өндірістің өсу аясында сектордағы импорт қысқаруда. Мәселен, қаңтар айының қорытындысы бойынша елге 64,4 млн доллар сомасына 1,8 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілді.

ТМД елдерінен сомасы 8,4 млн долларға 567,4 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемі Ресейге тиесілі. Негізгі жеткізушілердің үштігінде Өзбекстан мен Беларусь та бар.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 56 млн доллар сомасына 1,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Қытай болды: 263,4 тонна дәрі-дәрмек бір жыл бұрынғыға қарағанда 48,3% – ға аз. Көшбасшылар үштігіне Германия мен Үндістан да кірді.

Сондай-ақ зерттеушілер мәлімдегендей, Қазақстанның ішкі нарығындағы фармацевтикалық препараттардың бөлшек сауда бағасы 2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша бір айда 1,7% – ға, жыл басынан 3,7% – ға және бір жылда 5,8% – ға өсті.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең қымбат баға Шымкент (плюс 12,1%), Ақмола (плюс 10%) және Алматы (плюс 9,3%) облыстарында. Бағаның ең төменгі өсімі Павлодар облысында тіркелген, жылына 2,9% – ға ғана артқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.