Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Украинаға тез арада қаржылық қолдау қажет» – Дүниежүзілік банк

0 371

Украинаның ЖІӨ 2022 жылы 45,1%-ға төмендеуі мүмкін, делінген Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Түркістанның экономикалық даму перспективалары туралы есебінде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Зерттеу авторларының айтуынша, Украинаның жалпы ішкі өнімі жыл соңына дейін екі есеге дерлік – «шамамен 45,1%-ға» қысқарады. Сарапшылар бұл болжамның экономикаға әсерінің ауырлығы Украинадағы қақтығыстың ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты болатынын атап өтті.

«Украинаға тез арада елеулі қаржылық қолдау қажет, өйткені ол өз экономикасын сақтап қалу үшін күресіп жатыр, ал үкімет зардап шегіп, төтенше жағдайға төтеп беріп жатқан Украина азаматтарын қолдауға тырысуда», деп атап өтті Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьерде

Дүниежүзілік банк Ресейдің ЖІӨ 2022 жылы 11,2% деңгейінде қысқарады деп болжайды.

Дүниежүзілік банк есебінің авторлары Украинадағы қарулы қақтығыс пен COVID пандемиясынан аймақ экономикасына келтірілген шығынды салыстырды. Олардың пікірінше, Украинадағы оқиғалардың кері әсері коронавирустық пандемиядан екі есе жойқын болады.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк – штаб-пәтері АҚШ астанасында орналасқан ең ірі халықаралық қаржы ұйымдарының бірі.

 

Адырна” ұлттық порталы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.