Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Такаев» емес, «Тоқаев»: Қазақшаға білетін блогер Ресей азаматтарына ақыл-кеңесін айтты (ВИДЕО)

0 341

Павлодар облысының тумасы, өнерпаз, блогер Алексей Лодочников Қазақстанға көшіп келе жатқан Ресей азаматтарына мемлекеттік тілде амандасып, сөйлеуді үйрену керектін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Ол осы туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, видеоүндеу жолдады.

Бейнежазбада блогер  «Здравствуйте, салам» емес, «Сәлеметсіз бе!» деп амандасу керектігін, Қазақстанның валютасы «тэнгэ» емес, «теңге», ал Президенті «Такаев» емес, «Тоқаев»  деудің дұрыс екенін айтқан.

Сондай-ақ, ол жазбаның астына көп адамның өзіне хабарласып, қазақ тілін үйренуге ниеттеніп жатқанын атап өтті.  Оған aleksandrbaev1904 аккаунтын қолданушы жауап та жазған.

Ол: «Googl Play-ді жүктеп алдым. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер Tilqural-ды жүктеп алса болады.  Өте жақсы», – деген жазба қалдырған.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.