ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:
- «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мен «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» «Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен» біріктіріледі;
- Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
- Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
- Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
- ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.
Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және «А» арнаулы мақсаттағы қызметі.